Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қалталы азаматтар екен»: Атышулы Замира жақын арада тұрмысқа шықпақ

Опубликовано:

"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Замира Сұлтан жақын арада қалталы азаматқа тұрмысқа шықпақшы. Өзіне күйеу іздеген ол қазір «Танысу» агенттіктерінің біріне барып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Өз махаббатын әлі іздеп жүрген әйел қалталы азаматтарға ғана мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Бұл жерге бір жылдың ішінде бірінші рет келіп отырмын. Өте қатты ұнады. Жүрген бір пиарщиктер сияқты, балалар емес. Жасы үлкен, 30-дан асқан жігіттер келді. Қалталы, анау-мынау емес жігіттер екен», – деген Замира сол агенттіктің директоры Әсемге алғысын жаудырады.

Егерде бағы ашылып өзіне сай жігітке тұрмысқа шығып жатса, тойға да шақыратынын айтты.

Айта кетсек, Замира Сұлтан көпшілікке «Қалаулым» бағдарламасы арқылы таныс. Ол экран алдында бейәдеп сөздер қолданып, қазақ қызына тән емес қылықтар көрсетемін деп жұрттың ашуына тиген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739528-kaltaly-azamattar-eken-atysuly-zamira-zakyn-arada-trmyska-sykpak/

pixel