Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнайға бай болса да әлемдегі ең кедей ел атанған мемлекет туралы не білеміз?

Опубликовано:

Нигерия кедей тұрғындарының саны бойынша әлемде көш бастап, бұл тізімде алдыңғы орында тұрған Үндістанның өзін артта қалдырды деп хабарлайды Islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұнайға бай болса да әлемдегі ең кедей ел атанған мемлекет туралы не білеміз?
Мұнайға бай болса да әлемдегі ең кедей ел атанған мемлекет туралы не білеміз?: UGC

Африка құрлығындағы мұнай қоры мол Нигерия аумағында 87 млн халық кедейліктің қамытын киген. Яғни, халқының жартысы ішер ас, киер киімге жарымай отыр. Нақтырақ айтқанда, күніне 1,9 долларды қанағат тұтады.

Сарапшылардың есебінше, биылдың өзінде, яғни, жыл соңына дейін нигериялық кедейлердің қарасы тағы 3,2 млн адаммен толығады.

Кереғарлығы сол: мұнай қоры мол болғанымен сыбайлас жемқорлыққа батқан, кландық тартыспен есі шыққан билік халқының жағдайын түзей алмай отыр.

Ал бұрын аталған тізімде көш бастаған Үндістанда керісінше кедейлер саны қысқарып, 71,5 млн адамға дейін кеміген.

Бұл халық санына шаққанда 5,3 пайызды құрайды. Ал үшінші орынға (кедейлік көресткіші бойынша) Конго демократиялық республикасы шыққан. Аталған елде 63 млн адам тойып тамақ ішпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739704-mnajga-baj-bolsa-da-lemdegi-e-kedej-el-atangan-memleket-turaly-ne-bilemiz/

pixel