RU
Астанада жол жүру ақысы 180 теңгеге дейін қымбаттап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жол жүру ақысы 180 теңгеге дейін қымбаттап кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада жол жүру ақысы электронды картамен төлем жасағанда бұрынғыша өзгеріссіз қалады, ал қолма-қол төлем 180 теңге болады деп хабарлайды Елорда Инфоға сілтеме жасаған NUR.KZ.

180 теңге: Астанада жол жүру ақысы қымбаттап кетті

180 теңге: Астанада жол жүру ақысы қымбаттап кетті

Елордалық мәслихат депутаттары қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысына сараланған тариф енгізу мәселесін бірауыздан қолдап дауыс берді.

Картамен төлеген жағдайда жол жүру ақысы өзгеріссіз қалатыны туралы Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин айтты.

«Қалалық бағдардарда электронды картамен төлем 90 теңге, қолма-қол төлем 180 теңге болады. Экспресс-бағдарларда картамен төлем 180 теңге, ал қолма-қол төлем 250 теңге болады», - деді ол.

Қала шетіне қатынайтын бағдарлар аймақтар бойынша бөлінеді. Ал бағасы екі есе көбейеді, мәселен, бірінші көлік аймағына қатынау 180 теңге, екінші аймаққа қатынау 400 теңге, үшінші аймақ 600 теңге, ал төртінші көлік аймағына қатынау 800 теңге болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
1
5
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel