RU
Туристерді жақтырмайтын әлемнің ең ірі қалалары анықталды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Туристерді жақтырмайтын әлемнің ең ірі қалалары анықталды

Рассказать Вконтакте

Aviasales әуе билеттерін іздестірумен айналысатын компания өзге елден келген меймандарды жылы қарсы алмай, олардың келуіне қарсы болған қалалар тізімін анықтады. Туристерді жақтыртпайтын ірі қалалар арасында Венеция мен Барселона көш бастап тұр деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Сергей Мамонтов / РИА Новости

Фото: Сергей Мамонтов / РИА Новости

Италиялық Венецияға келушілер саны көбейе бергендіктен жергілікті халық өз наразылығын білдірген. 2017 жылы 633 мың адамға шаққанда елге 5,3 миллион турист келген. Сол себепті, билік велосипедпен жүру, каналдарда шомылу мен қоқыс тастауға айыппұлдар орнатты.

Екінші орынды испаниялық Барселона қанжылады. Бұл қала тұрғындары шетелдік қонақтарды жақтыртпайтыны былай тұрсын, оларға қарсы митингтерді де жиі ұйымдастырып тұрады.

Нидерландтағы Амстердам қаласы да испаниялықтар сияқты туристерге қарсы наразылық шерулерді ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары өзге елдік меймандардың қоқыс көп тастайтынына ашулы.

Хорватияның Дубровник қалаы мен Грециядағы Санторини де туристерге қатысты шектеуліктер қойылған. Бұл қалаларға күніне тек сегіз мың адам кіре алады.

Ал филиппиндік Борокай аралын туристерден алты айға жауып тастаған. Себеп - аралдың туристер кесірінен ластануы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel