RU
Танымал футболшыны әйелін ұрғаны үшін полиция ұстап әкетті
Жаңалықтар Әлемде

Танымал футболшыны әйелін ұрғаны үшін полиция ұстап әкетті

Рассказать Вконтакте

Нидерланд құрамасы мен ресейлік "Спартак" клубының жарқын жұлдызы Квинси Промес өз әйеліне қол көтергені үшін тұтқынға алынды. 26 жастағы футболшыны тоқтатуға тырысқан оқиға куәгерлері де соққы астына қалған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: instagram.com/qpromes

Фото: instagram.com/qpromes

Оқиға Испаниядағы Ибица аралында орын алды. Демалуға отбасымен келген Квинси Промес әйелімен сөзге келіп қалған. Ерлі-зайыптылар арасында туындаған келіспеушілік жұдырықтасуға дейін барды.

26 жастағы футболшы ашуға бой алдырып жұбайын аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның куәгерлері оны тоқтатуға тырысты. Алайда, футболшыны сабырға шақыру ойлағандарындай оңай болмаған.

Квинси Промес өзіне кедергі еткендерді де соққы астына алды. Полиция қызметкерлері ашуға булыққан футболшыға кісен салып, бөлімшеге алып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel