RU
Танымал кәсіпкер КВН ойыншысының әйелін көлікпен қағып өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Танымал кәсіпкер КВН ойыншысының әйелін көлікпен қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Туапсе қаласында жергілікті кәсіпкер Mitsubishi көлігімен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан бесік арбасы бар әйелді қағып өлтірді. Қуанышқа орай, бала әкесінің, "Иркутск-350" КВН командасының ойыншысы Егор Кирильчиктің қолында болғандықтан еш зардап шекпепті. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, отбасы жағажайға бара жатқан. Сол сәтте жаяу жүргіншілер жолағына көлік шығып кетіп, бесік арбасы бар әйелді қағып кеткен. Мария Тимофееваны құтқару мүмкін болмады - ол жедел жәрдем жетпей жатып мерт болды.

Белгілі болғандай, көлік иесі - жергілікті "Лик" жарнама агенттігінің басшысы Сергей Лебедев. Расталмаған ақпарат бойынша ол мас күйінде болған.

Белгісіз бір себептермен Лебедевке қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Хабарланғандай, жол апаты болған күні ол қалалық неврология бөлімшесіне жатқызылыпты.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Туапседе қалған Егор мен ұлы сот-медициналық экспертизасын күтіп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
6
2
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel