Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голды тойламақ болған футболшы жанкүйер алдында ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Әлем чемпионатында соғылған небір голдар мен оларды тойлаудың ерекше түрлері жанкүйерлер есінде ұзаққа дейін сақталмақ. Күні кеше белгиялықтардың Англияға салған голын тойламақ болған Батшуайи ыңғайсыз жағдайға тап болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Аднан Янузайдың жеңіс голын тойламақшы болған Батшуайи допты қатты теуіп жіберіп, өзі опық жеп қалды. Алысқа теуіп жібермек болған добы қақпа бағанасына, содан кейін футболшының басына тиген.

Қатты соққы салдарынан басын ауыртып алған Батшуайи оқиғаны күлкілі жағдай ретінде қабылдаған. Ол тіпті Twitter-ге арнайы жазба қалдырды.

"Қатты ауыртып алдым басымды. Не деген ақымақпын осы?", - деп жазды ол.
Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739758-goldy-tojlamak-bolgan-futbolsy-zankjer-aldynda-atka-kaldy-video/

pixel