RU
Грузияның экс-президенті Саакашвили алты жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Грузияның экс-президенті Саакашвили алты жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили сырттай алты жылға сотталды деп хабарлайды QazaqTimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Грузияның экс-президенті Саакашвили алты жылға сотталып кетті

Грузияның экс-президенті Саакашвили алты жылға сотталып кетті

28 маусым күні Тблиси қалалық соты экс-президент Михаил Саакашвилиді сырттай алты жылға бас бостандығынан айырды.

Оған «2006 жылы парламент депутаты болған Валерий Гелашвилиге жасалған шабуылды ұйымдастырды» деген айып тағылған. Сотта Грузия парламентінің бұрынғы төрайымы Нино Бурджанадзе Саакашвилидің Гелашвилиге жасалған шабуылды қалай ұйымдастырғандығы жөнінде айтады.

Валерий Гелашвилиге 2005жылы Ішкі істер министрлегінің қызметкерлері шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлері Гелашвили көлігін Тблиси орталығында тоқтатып, экс-депутатты соққыға жығыпты.

Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс 2013 жылы Грузияда билік ауысқаннан кейін қайта қозғалған.

Михаил Саакашвилиден бөлек Гелашвили ісі бойынша экс-ішкі істер министрі Вано Мерабишвили мен ІІМ қарасты арнайы қызмет департаментінің бұрынғы басшысы Ираклий Кодуа сотталған.департаментінің бұрынғы басшысы Ираклий Кодуа сотталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel