RU
"Нағыз комедия": Байзақова ауыр қылмыс үшін жаза тартпайтын әкімдерге шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

"Нағыз комедия": Байзақова ауыр қылмыс үшін жаза тартпайтын әкімдерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Атышулы блогер Айжан Байзақова өзінің Instagram парақшасында елдегі заңсыздыққа күйініп, ашық пікірімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның ойынша, әкім орынбасары мас күйінде рөлге отырып, адам өлтіреді де, бір жылға ғана сотталады.

"Сен Байзақованы жезөкше деп жазып жатқан кезде...Ақмола облысының бір жерінде бұрынғы әкім жеткіншекті ұрып жыққаны үшін 36 000 теңге айыппұлмен құтылып кетті. Әкім орынбасары мас күйінде рөлге отырып, адам өлтіргені үшін бір жылға ғана сотталды.
Шынын айтайын, мен де айыппұл төлеуге тырысқанмын, 15 000 теңге айыппұл төлеп, боқауыз сөз айтқаным үшін жазадан құтылуға мүмкіндік бермеді. Балағат сөзім үшін. Судья тура бір қауіпті қылмыскерді түрмеге қамағандай кейіп танытты. Маған намыспен "Бұл - заң!" деп айтқан. Балағат сөз айтуға болмайды, абақтыға қамаласың. Аз уақытқа ғана болса да, қамаласың. Сондай күлкінішті", - деп жазды ол.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Айжан Байзақова балағат сөз айтып, ішімдік пен темекіні жарнамалады деген айыппен үш тәулікке қамалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
2
3
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel