RU
Ертаевқа Ресейде тұруға рұқсат беретін құжаттың күші жойылды
Жаңалықтар Қоғам

Ертаевқа Ресейде тұруға рұқсат беретін құжаттың күші жойылды

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура «РБК Банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаевты Ресей Федерациясынан экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатыр деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ертаевқа Ресейде тұруға рұқсат беретін құжаттың күші жойылды

Ертаевқа Ресейде тұруға рұқсат беретін құжаттың күші жойылды

Атап өтсек, Жомарт Ертаев банктің 160 млн доллар қаржысын жымқырғаны үшін іздестіріліп жатыр.

Бас прокуратураның арызы бойынша 2018 жылғы 14 маусымда Мәскеу қаласының Пресненский аудандық соты тағайындаған «үй қамаққа алу» бұлтартпау шарасы биылғы жылдың 8 қарашасына дейін ұзартылды.

«Сондай-ақ, біздің арызымызға сәйкес Мәскеу қаласы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасының 2018 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Ертаевқа 2017 жылғы қарашада берілген Ресей Федерациясында тұруға рұқсат құжаттың күші жойылды», - деп хабарлады еліміздің Бас прокуратурасы.

Бас прокуратура ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау бойынша шараларды жалғастырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel