RU
Геннадий Головкин Назарбаевқа өзінің чемпиондық белбеулерін сыйға тартты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Геннадий Головкин Назарбаевқа өзінің чемпиондық белбеулерін сыйға тартты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Кездесу барысында президент Геннадийге қазақстандықтар онымен мақтанатындығын айтып өтті.

"Отандастар сенің кездесулеріңді мұқият қарап отырады. Сен Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрсің, өз еліңді ұмытпай, әрқашан елің туралы айтып жүресің. Біз сенімен мақтанамыз. Сені қыркүйекте маңызды кездесу күтіп тұр. Барша қазақстандықтардың атынан саған осы ісіңде сәттілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Геннадийдің Қазақстандағы спорттың насихатталуына үлкен үлес қосып жүргенін және халықаралық дәрежеде ел атағын шығарып жүргенін баса айтты.

"Өз салмағыңда мықтысың, саған бірде-бір жеңілісі жоқ ең нокаутқа көп ұшыратын боксшы атағын берді. Бұл - үлкен жетістік және Қазақстандағы үлкен спорттың насихаты. Сенің бар күшіңді салып жатқаныңды біз бағалаймыз. Қазақстанда кездесу өткізгің келсе, біз оған да қол ұшын созуға дайынбыз", - деп атап өтті Елбасы.
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Өз кезегінде Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

"Өзімнің тарапымнан елімнің халықаралық деңгейде атының шығуына барымды саламын. Бәрі қалыпты болып жатса, Қазақстанда да кездесу өткізу ойымда бар. Біздің халқымыз осындай таңғажайып дүниеге лайық деп ойлаймын. Осындай деңгейдегі оқиғаға куәгер болуға біздікілер де лайық", - деді Головкин.

Сондай-ақ, боксшы Қазақстан президентіне өзінің WBC, WBA (Super), IBO және IBF нұсқалары бойынша алған чемпиондық белбеулерін сыйға тартты.

Кездесу соңында Елбасы Головкинді "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев" төсбелгісімен марапаттады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel