Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кесе ұстап түскен қазақ қызының суреті әлемдік байқауда топ жарды

Опубликовано:

казашка
Фото: UGC

Әйгілі италиялық фотограф Алессандро Мениконзидің түсірген суреті National Geographic-2018 байқауында бас жүлдеге ие болды. Оған жеңіс әкелген суретте кесе ұстап тұрған қазақ қызы бой көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ

Алессандро ұйымдастырылған халықаралық байқаудың ең үздік фотографы атанды. Бұл атаққа ол өзінің ерекше туындысының арқасында ие болды.

Фотографқа жеңіс әкелген суретте кесе ұстап түскен қазақ қызы бой көрсеткен. Бұл фото әділқазылар алқасы мен қалың көпшіліктің көңілінен шығып, мың суреттің ішінен үздік болып танылды.

Алессандро Мениконзи бұл суреттің Моңғолия елінде түсірілгеннін айтты. Ол саяхаты кезінде бүркітші үйіне қонақтап барғанда, шай ішіп отырған Дәмел атты қызды фотоға түсіріп алған.

Айтуынша, ол дәл осы суреттің өзіне жеңіс әкелеріне өзі де сене алмаған.

"Қазақтар үшін шай ішу өз алдына салт-дәстүр мен мәдениеттің жиынтығы болып саналады" , - деп айтты фотограф.

Айта кетейік, халықаралық сайысқа жер шарының түкпір-түкпірінен 13 мың фотограф қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739803-kese-stap-tsken-kazak-kyzyny-sureti-lemdik-bajkauda-top-zardy/

pixel