RU
Үйінен шығып кеткен алматылық жігіт қымбат көлігімен бірге жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Үйінен шығып кеткен алматылық жігіт қымбат көлігімен бірге жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматылықтар 18 маусым күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған Денис Анисимовқа іздеу салды. Он күн бойы қайда екені белгісіз жігіттің туыстары елден көмек сұрауға мәжбүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Үйінен шығып кеткен алматылық жігіт қымбат көлігімен бірге жоғалып кетті

Скриншот из аккаунта Instagram @kris_p_almaty
Source: UGC

41 жастағы ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланған. Ол Land Cruiser 200 көлігіне мініп, түнгі үште үйден шығып кеткен.

Денистің бойы шамамен 170 см, көзі көк, иегінде азғантай сақалы бар. Жоғалған күні ол ақ жейде және ақ шалбар киген.

«Ол қазірге дейін үйіне оралмады. Көліктің мемлекеттік нөмірі 334 VBA 02. Еріктілер көмегі қажет болып тұр", - делінген хабарламада.

Отбасының досы Евгенияның айтуынша, ол келесі күні сағат түскі 12-ге дейін байланыста болған.

«Одан кейін ол қоңырауларды басып тастап, "мен жолдамын" деген шаблонды смс-тер жолдаған. Бұдан кейін байланысқа шықпады", - деді Евгения.

Жоғалып кеткен жігіт туралы ақпаратты Алматы ІІД де растап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі таңда здестіру шаралары жүзеге асуда.

«Аталған дерек бойынша іздестіру ісі қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылды. Іздеуге криминалистер де қосылды. Жоғалып кеткен кісінің ортасы зерттелуде. Оны іздеп тауып, үйіне қайтару үшін барлық шаралар қолға алынды", - деді ІІД баспасөз қызметі.

Денис Анисмиов туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, мына нөмірге хабарласуын сұраймы: +7 700 214 1000.

Оның туыстары Денисті табуға көмектескен адамға сыйақы ұсынғалы отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel