RU
8 жастағы алматылық қызға Астана автотұрағы айыппұл салды
Жаңалықтар Қоғам

8 жастағы алматылық қызға Астана автотұрағы айыппұл салды

Рассказать Вконтакте

8 жастағы алматылық тұрғынға Астана автотұрақтарының бірі айыппұл салған. Кәмелетке толмаған әрі көлігі жоқ кішкентай қызға айыппұл салған астаналық автотұрақ жайлы Талғатқызының әкесі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Талғаттың айтуынша, ол өз отбасымен Алматыда тұрады. Алайда 5 маусым күні Астана әкімшілік басқарма полициясынан оның 2010 жылы туған қызының автотұраққа 7215 теңге айыппұл төлеу керектігі жайлы хат келген.

"Менің қызымның атында көлік жоқ. Сондықтан мен 6 маусым күні аталмыш мекемеге хабарластым. Телефон тұтқасын көтерген қыз бұл жайында басшылыққа ескертетінін айтты. Сондай-ақ ол әңгіме барысында айыппұлдың бір апта ішінде жойылатынын да жеткізді. Алайда бойжеткен айтқан уақыт өтіп кеткенімен, айыппұл жойылмады.

Енді олар айыппұлдың техникалық ақауларға байланысты жойылмайтынын, күте тұру керектігін айтты. Алайда бір ай уақыт өтті. Әлі күнге нәтиже жоқ", - деді Алматы тұрғыны.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, NUR.KZ порталының тілшісі кәмелетке толмаған қызға қалайша айыппұл жазылғанын және кішкентай қыздың атына көліктің қалай тіркелгенін білмек болып, Астана ішкі істер департаментіне хат жолдады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel