RU
Назарбаевқа қазақ тілінде алғыс айтқан Головкин көпшілікті сүйсінтті
Жаңалықтар Спорт

Назарбаевқа қазақ тілінде алғыс айтқан Головкин көпшілікті сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірген жазбасын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Боксшы өзінің жеке парақшасында жүрекжарды лебізін президентке арнап, жазба қалдырған.

"Бүгін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. Нұрсұлтан Әбішұлына жан-жақты қолдау үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін Қазақстан намысын әлемнің үздік ареналарында қорғау - үлкен мәртебе", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары болса Геннадийге ақжарма тілектерін жаудырып жатты.

Еске салайық, мемлекет басшысы Ақордада боксшы Геннадий Головкинмен кездесіп, өзінің атындағы төсбелгімен марапаттады. Ал Головкин болса чемпиондық белбеулерін елбасыға сыйға тартқан

Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
5
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel