RU
Бейбіт Шүменов Астанадағы бокс кешіне 50 Cent-ті шақыру үшін ақша таппай жатыр
Жаңалықтар Спорт

Бейбіт Шүменов Астанадағы бокс кешіне 50 Cent-ті шақыру үшін ақша таппай жатыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы бокс кешіне әлем жұлдыздарын шақырмақ болған. Алайда ол танымал тұлғалардың өте көп қаражат сұрайтынын айтып, 50 Cent-ті шақыруға 200 мың доллар таппай жатқанына шағымданды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото-коллаж: NUR.KZ

Фото-коллаж: NUR.KZ

Бейбіт Шүменовтың айтуына қарағанда, бокс жұлдыздарының барлығына шақырту жолданған.

"Мәселен, Жан Паскаль, Лучиан Буте, Хуан Мануэль Маркес, Эрик Моралес, Марко Антонио Баррера, Хулио Сезар Чавес - бүгінгі дейін келетіндерін растаған боксшылар. Сонымен бірге, менің достарым Хорхе Линарес пен Дэвид Хэй да келгелі отыр. Бірақ, қаржылық тұрғыда қиындықтар пайда болды. Мәдениет және спорт министрлігі конвенцияны толығымен өздеріне алатынын айтқан еді. Бірақ соңында қаржыландыру жағынан аздап кешуілдеп жатырмыз. Билеттердің бағасы қымбат. Барлығын да алып келу үшін 200 мың доллар керек", - дейді боксшы.

Шүменовтің сөзіне сенсек, әйгілі әнші 50 Cent аталған шараға өзі қызығушылық танытқан.

"Бірақ, кейін оның агенттері бізге шығып, тым көп соманы сұрай бастады. Әлбетте, біз бірден бас тарттық. Бірақ, менің досым Жан Паскаль 50 Cent-пен жақын араласады. 50 Cent келуін келгісі келеді-ақ, мәселе олардың агенттерінде болып отыр.

Қазақстан мұндай орындаушыларға өте көп ақша төлейді. Сондықтан шетелдіктер кейде жұлдыздары арқылы Америкадағыдан да зор табыс тапқысы келеді. Сол себепті агенттер қолдан кедергі жасап отыр. Қысқасы, Рой Джонстың да "жыры" осы. Мен оны досым Әлихан Жарылғапов арқылы шақырдым. Ол: "Бейбітке айт, Қазақстанға қуана-қуана барамын" депті.

Одан кейін Рой Джонстың агенттері: "Оған неліктен тікелей байланысасыз? Сіздер біз арқылы байланысуыңыз керек. Қанша ақша төлеуге дайынсыз?" деп шыға келді. Сондықтан, ашығын айтайын - аталған жұлдыздардың келетініне жауап бере алмаймын", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel