RU
Маңғыстауда облыс әкімі бір топ журналистерді марапаттады
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда облыс әкімі бір топ журналистерді марапаттады

Рассказать Вконтакте

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстағы барлық Байланыс және ақпарат қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

Маңғыстау облысының әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады

Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы Ералы Тоғжанов: «Елбасы атап өткендей: «Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды ақпа¬рат¬тандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғын¬дар¬дың тұрақты «кері байланысын» нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр».

Маңғыстау облысының әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады

Олай болса, Сіздер Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың cалмақты идеялары мен салиқалы бастамаларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға, тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен нығаюына, еліміздің саяси тұрақтылығына, рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамның әл-ауқатын арттыруды жан-жақты насихаттауға зор үлес қосып келесіздер», - деді.

Маңғыстау облысының әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады

Шара барысында өңір басшысы Маңғыстау облысының байланыс және ақпарат саласының дамуына қосқан үлестері үшін бір топ журналистер мен байланыс қызметкерлеріне алғыс хаттар тапсырды.

Маңғыстау облысының әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады

Сонымен қатар, кәсіби мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлері арасында өткізілген спартакиаданың (үстел теннисі, бильярд, шағын футболдан,боулинг) қорытындысын жариялап, жеңімпаз командаларға арнайы сыйлықтарын табыстады. Спорттық шара өңірдегі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және де БАҚ өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

БАҚ өкілдері арасында өткен спартакиада қорытындысы бойынша «Маңғыстау» телеарнасы I орын иегері атанып, кубокпен және 200 мың теңгенің сертификатын алды. ІІ орын жеңімпаздары «Маңғыстау Медиа» ұжымы 150 мың теңгелік сертификатпен марапатталса, «Хабар Агенттігінің» аймақтағы меншікті тілшілері III орынды қанжығасына байлап, 150 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Маңғыстау облысының әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады

Салтанатты жиын концерттік бағдараламамен жалғасты.

Ақпарат: бүгінде облыс бойынша 42 БАҚ тіркелген, олардың ішінде электронды БАҚ – 14 (1 телеарна, 3 радио, 10 ақпараттық агенттік), баспа БАҚ – 28 (20 газет, 8 журнал).

Өңірдегі жетекші БАҚ-на «Маңғыстау» телеарнасы, «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Лада», «Тумба» газеттері, mangystaumedia.kz, inaktau.kz интернет-ресурстары жатады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel