RU
Астанада Назарбаевты күтетін қырғауылдарды торға қамап қойды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада Назарбаевты күтетін қырғауылдарды торға қамап қойды

Рассказать Вконтакте

Бүгін таңертең Астана орманында ұшуға асыққан қырғауылдар мен арнайы шараға келген журналистер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты күткен. Алайда президент Жасыл бауға келе алмай қалыпты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik/Айгюзель Кадир

Фото: Sputnik/Айгюзель Кадир

Шараның барысында жоспар бойынша, президент Жасыл бауды аралап, 150 қырғауылды бостандыққа шығаруы керек болатын. Оларды босату таңғы уақытқа жоспарланған, бірақ мемлекет басшысының жоспарының ауысуына байланысты ол кейінгі уақытқа шегерілді.

Белгілі болғандай, Назарбаевты күту барысында қырғауыл туып та үлгерген.

Фото: Sputnik/Айгюзель Кадир

Фото: Sputnik/Айгюзель Кадир

Президенттің баспасөз қызметінде хабарланғандай, Назарбаев таңертең кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен кездесті. Құстарды босату шарасы өтетін болады, бірақ нақты қай уақытта екені әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel