RU
ҰБТ-да ғашық болып қалған жігіт сүйіктісін іздеп тапты
Жаңалықтар Қоғам

ҰБТ-да ғашық болып қалған жігіт сүйіктісін іздеп тапты

Рассказать Вконтакте

Астаналық Мерей ҰБТ-дағы онлайн-трансляциядан тауып алған сүйіктісімен кездесті деп хабарлайды 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Отырар TV

Көрнекі фото: Отырар TV

"Романтикалық оқиғаға байланысты, білуімізше, олар бір-бірін тапты. Басқа ақпарат, әрине, бізде жоқ. Бірақ Мерей мен Арай кездесті", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде баяндама жасаған Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов.

Ол жастардың жеке бас құпиясын сақтай отыра ҰБТ-дан жинаған баллдарын айтудан бас тартты.

Еске салайық, Мерей есімді жас жігіт Ұлттық тестілеу орталығына ұнатып қалған бойжеткенді тауып беруін өтінген болатын. Ол бойжеткенмен Астанадағы сауда үйлерінің бірінде танысқанын айтты. Өзін Арайлым деп таныстырған Шымкенттік ару жақында ҰБТ тапсыратынын айтыпты. Қоштасып кеткен соң Мерей оны тауып алуға бел буып, Шымкенттегі онлайн-трансляцияны бақылап, суретін Ұлттық тестілеу орталығына берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel