RU
Түркістан облысында "зіңгіттей жігіттерден таяқ жеген" ақсақал елге жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында "зіңгіттей жігіттерден таяқ жеген" ақсақал елге жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының жетпістегі тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы "журналистерге шындықты айтқаным үшін таяқ жедім" дейді. Айтуынша, оны белгісіз жігіттер үйінен алдап әкетіп, күш көрсеткен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Түркістан облысында "зіңгіттей жігіттерден таяқ жеген" ақсақал елге жанайқайын жеткізді

Кадр КТК арнасынан алынды

«Зіңгіттей жігіттерден таяқ жедім» деген ақсақалға мәжілісмен араша түсті. Астанаға әділдік іздеп келген Дүйсенбек Сазанбекұлының арызын ешкім қарамайтын сияқты.

Осыдан үш ай бұрын зіңгіттей жігіттерден жәбір көрдім деген Түркістан облысының ақсақалы «Нұр Отаннан» көмек сұрап келген еді. Жәбірленушіні жеке қабылдаған мәжілісмен Светлана Бычкова істің ақ-қарасын анықтау үшін Бас прокуратураға сауал жібердім деп отыр.

"Мен оны қабылдап, барлық мәселесімен таныстым. Жауапты мекемелерге сауал да жолдадым. Бас прокуратура менің сауланамама жауап беруі керек", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова.

Жетпістегі ақсақалдың айтуынша, наурыздың аяғында үш жігіт оны үйінен алдап әкетіп, күш көрсетіпті. Қарияны көлікке мінгізіп, қаланың сыртына апарып «тілшілерге ауылдағы проблемаларды неге айтасың?» деп қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді.

Осы оқиғадан кейін полицейлер қылмыстық іс қозғап, үш күдіктіні ұстаған. Алайда, көп ұзамай оларды бостандыққа жібере салған. Ақсақал жергілікті полицейлер өзіне күш көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбаққа салып отыр деп шағымданады.

Астанаға арнайы келген Дүйсенбек Сазанбекұлы Бас прокуратура мен «Нұр отан» партиясы депутаттарына арызын қалдырып кеткен еді. Зейнеткердің ендігі үміті Бас прокуратурада.

Сіздің реакцияңыз
7
1
7
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel