RU
Рахман Омар бірінші әйелін өлтірген қыздарды танитын болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Рахман Омар бірінші әйелін өлтірген қыздарды танитын болып шықты

Рассказать Вконтакте

Рахман Омар бұдан бірнеше күн бұрын кісі қолынан қайтыс болған бірінші жұбайы, үш баласының анасы туралы пікір білдірді. Айтуынша, ол Гүлдерайым Омарованы өлтірген қыздарды танитын болып шықты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рахман Омар кісі қолынан қайтыс болған жұбайына қатысты пікір білдірді

Фото: Instagram

"Танитын адамдардың қолынан кетеді деп кім ойлайды? 2,5 жыл көріп жүрген қыздар. Қазақтың кәдімгі қарапайым қыздары панасыз жүрген. Қыздардың қатігез боп кеткендігі, сол болмашы тиын-тебенге адамның өмірін қиятыны. Бұл жерде тек ақша ғана емес, басқа да бір нәрсе бар сияқты", - дейді марқұмның бұрынғы күйеуі Рахман Омаров.

Өйткені марқұм бір нәрседен сезіктенетінін айтып, туған әпкесіне қоңырау шалыпты. Артынан ұлы іздеп барған. Бірақ ол да ажал құша жаздапты.

"Үйді қарап шығайын мен мамамды іздеп жүрген едім бір қарап шығайын деп неғылдым. Қыз маған сосын пышақпен атылды. Маған сұққысы келді пышақты. Бар күшіммен ұстап тұрдым. Үлкен денелісі маған жатып алды. Барлық күшімді қолға жинап, ананы итердім дағы үйден қаштымы", - деп айтып берді марқұмның ұлы Досхан Кәкімов.

Қанды қылмыс бойынша тергеу басталды. Ал күдіктілер 20-30 жас шамасындағы қыздар. Біреуі Түркістан облысы Шардараның тумасы. Қазір асылып өлмек болған қыз қолы кісенделіп ауруханада жатыр. Екінші күдікті қаладан кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Ал марқұмның артында үш ұлы қалды. Ортаншысы кеше ғана мектеп бітірсе, кенжесі небәрі 8 жаста. Бұған дейін балаларынан бөлек тұрып келген тележүргізуші анасынан айырылған ұлдарын өз қамқорлығына алмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
4
29
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel