RU
Биыл қай отандық жұлдыздар оқу бітіріп, диплом алды?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Биыл қай отандық жұлдыздар оқу бітіріп, диплом алды?

Рассказать Вконтакте

Осы жылы отандық жұлдыздардың ішінде біразы оқу орнын аяқтап, дипломдарын қолына алды. Осындай бақытқа нақты кімдер ие болғанын білу үшін NUR.KZ шолу жасап шыққан болатын.

Белгілі тележүргізуші, актриса Гүлмира Дайрабайдың ұлы Артур Асқарұлы оқуын аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дипломына ие болды.

Өнерлі жұптың тұңғышы, Болмановтар әулетінің тұңғышы Бекболат Болманов биыл мектепті аяқтап, ҰБТ-сын сәтті тапсырып шықты.

Студент пен оқушылармен жарыса жүріп әнші Мейрамбек Беспаев та "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады. Енді ол - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі.

Композитор Арман Дүйсеновтың Арай есімді қызы да мектеп бітірді.

Танымал әнші Димаш Құдайберген биыл екінші дипломын қолға алды. Ахмет Жұбанов атындағы колледжді "Опера әншісі" мамандығы бойынша тәмамдаған әнші енді Қазақ ұлттық өнер университетін "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітіріп, дипломын қолына алды.

Қазақстандық әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов та Алматыдағы Тұран университетінің түлегі атанды.

Сіздің реакцияңыз
4
2
3
0
1
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel