RU
Алматы облысында бес күн бойы 16 жастағы бозбала іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында бес күн бойы 16 жастағы бозбала іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында туыстарына кеткен Түркістан облысынан шыққан 16 жастағы Әміржанды бес күн қатарынан іздеп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: m.amic.ru

Фото: m.amic.ru

Хабарланғандай, 16 жастағы Әміржан Кучаков 24 маусым күні сағат екіде Алматы облысындағы туыстарына барып қайту үшін Жетісайдан автобуспен шығып кетіпті.

Келесі күні Қаскелеңге келгесін таксиге отырған күйі жоқ болып кеткен. Арнайы артынан іздеп келген әкесі мен ағасы жоғалып кеткен бозбаланы бес күн бойы таппай жатыр.

Әміржанның суретін көрген такси жүргізушілері оны 25 маусым күні таңертең бүкіл такси жүргізушілері жиналатын Қаскелең көпірінде көргендерін айтып берді. Сондай-ақ, олар бозбаланың сол бекетте сөмке-пакетімен отырғанын, кейін көлік келгесін оған бірдеңе айтып бергенін баяндады. Ол сол көлікке отырып кетіп қалған.

Такси жүргізушілер нақты көліктің маркасын айта алмай отыр, бірақ ойлауларынша, ол Daewoo Nexia болған.

"Телефоны сол сәттен бері өшірулі. Қарасай ауданының ішкі істер департаментіне арыз жазды. Әзірге басқа ақпарат жоқ", - деді бозбаланың ағасы Сәттар Тоқсаев.

Әміржанның туыстарының айтуынша, ол 26 маусым күні сағат кешкі 8 шамасында "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне кірген.

Ата-анасы хабарлағандай, бозбаланың үстінде қара джинсы, қара жейде, қара кроссовкалары мен арқасында қызыл сөмкесі болған. Оның бойы 150 см, шашы қара, коңыр көзді.

Егер сіз Әміржаның қайда екенін білетін болсаңыз, мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуыңызға болады: +7 7475654988 (Сәттар) болмаса «102».

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
8
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel