RU
Қазақстандық өрт сөндірушілер әлемнің үздік бестігіне кірді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық өрт сөндірушілер әлемнің үздік бестігіне кірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өрт аймағына қалай тез барып сөндіре алатындығын көрсетіп, осы сайыстарда әлемнің әр түрлі елдерінен келген әріптестерімен бақ сынасты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Петр Карандашов, Юлия Абрамова / NUR.KZ

Фото: Петр Карандашов, Юлия Абрамова / NUR.KZ
Source: UGC

Алматыда ҚР ІІМ ТЖК-нің "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚҰ-ның Кубогына халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жарысқа Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстаннан және Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарынан келді. Алты халықаралық және 10 облыстық команда бар.

Фото: Петр Карандашов, Юлия Абрамова / NUR.KZ

Фото: Петр Карандашов, Юлия Абрамова / NUR.KZ
Source: UGC

Олар төрт сыннан - шабуылды баспалдақ, кедергілері бар жүз метрлік жолақ, жүгіру жарысы мен су тасымалы бар әскери өрт мотопомпасын ашудан сынақ тапсырады.

Анастасия Потоцкая Павлодар облысынан күйеуімен келді. Келіншек спортпен бірнеше жыл шұғылданып келеді, жеңіл атлектикадан спорт мастері де атанып үлгерген. Құжатпен жұмыс істер кезіндегі үзілістерде шақырымдарды жүгіріп, жасанды өртті сөндіреді.

Анастасия Потоцкая. Фото: NUR.KZ

Анастасия Потоцкая. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Анастасия әйелдер арасында Қазақстанның жаңа рекордын жекелей сында орнатты. Ол жүз метрлік қашықтықты 16,86 секундта жүгіріп өтіпті.

Ерлердің арасында 22 жастағы Николай Буторин ерекшеленді. Сегіз жасынан бері спортпен шұғылданатын жігіт "ҚР Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар федерациясының" ұлттық құрамасының мүшесі екен. Кейде шынайы өрт шыққанда көмекке барады.

Николай Буторин. Фото: NUR.KZ

Николай Буторин. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Николай да қоссайыстан рекорд орнатты. Оның саны - 29,59 секунд.

Аталмыш мекеменің директры Дәурен Данаевтың айтуынша, қазақстандық құрама әлемнің үздік бестігіне кіреді. Көшбасшылардың қатарында Ресей, Беларусь, Украина, Чехия және біздің ел бар екен.

"Жарыстың мақсаты - осы спорт түрін кең насихаттау. Келесі сайысымыз Ақмола облысында шілденің соңына тама өтеді, одан кейін Талдықорғанда, тамызда - жеткіншектердің арасында. Жігіттер Болгариядағы чемпонатқа қатысса, қыздар Словакияға барады", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel