RU
Назарбаев Астана маңында қырғауылдарды ұшырып, ағаш отырғызды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Астана маңында қырғауылдарды ұшырып, ағаш отырғызды

Рассказать Вконтакте

Астана күніне орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі түрде Астана "жасыл белдеуінің" нысандарын аралап, оның дамуымен танысып қайтты. Шара барысында президент "Жасыл Ел" жастар тобының өкілдерімен бірге ағаштар отырғызды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы, сондай-ақ 150 қырғауылды табиғи ортаға ұшырды.

Жастармен сөйлесу кезінде Назарбаев "жасыл белдеудің" елорданы шаңды жел мен қысқы дауылдардан қорғау үшін арнайы салынғанын айтты.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Орман - нағыз табиғи байлық әрі қолайлы өмір сүруге арналған маңызды құрал. Орман қаланың ауасын тазартып, оны тартымды етіп, ауа райын қолайлы қылады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Астана "жасыл белдеуінің" ендігі дамуы мен қазіргі жағдайына байланысты сұрақтар бойынша жиналыс ұйымдастырды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Астанада 20 жыл ішінде табиғат пен қала үйлесімділігін тапқан өзгеше экожүйе орнағанын айтып өтті.

"Астананың ішіндегі "жасыл белдеу" 15 мың гектар жерді алып жатыр. Ағаш отырғызу науқанын Қазақстан бойынша жүргізу өте маңызды", - деді мемлекет басшысы.
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel