RU
Үш жасар бала кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып мерт болды
Жаңалықтар Әлемде

Үш жасар бала кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып мерт болды

Рассказать Вконтакте

Польшаның Слупск қаласында Марсель есімді бала әке-шешесінің қолы бос емес уақытта өзінің бес жасар әпкесімен ойнап жүрген. Жуыну бөлмесіне кіріп, артынан есікті құлыптап, кір жуғыш машинаның ішіне тығылып қалыпты. Артынан есікті жауып алған бала тұншығып қалған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Mirror

Фото: Mirror
Source: UGC

Тығылып қалған інісін таппаған Марсельдің әпкесі ата-анасына тауып беруін өтінген. Бүкіл жерді қарап шыққан әкесі жуыну бөлмесіндегі кір жуғыш машина барабанының ішінен демсіз жатқан ұлын тауып алып, дереу жедел жәрдем шақырыпты.

Құтқарушы дәрігерлер келгенге дейін Марсельдің жағдайы тым ауыр болған. Жансақтау бөліміне жеткізілген баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бір жарым сағат бойы арпалысыпты.

Марсельге сәтті ота жасалғаннан кейін ол алты сағаттан соң көз жұмды.

Фото: Mirror

Фото: Mirror
Source: UGC

Енді тергеу амалдарымен полицейлер айналысып жатыр. Баланың өліміне кінәлі деп ата-анасына айып тағылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel