RU
Қазақстанға арналған визалық құжаттың ережесі өзгертілді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанға арналған визалық құжаттың ережесі өзгертілді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанға арналған визалық құжатты беру мен шақыртуларды рәсімдеу ережесіне өзгертулер енгізілді деп ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: lowcost.pro

Көрнекі фото: lowcost.pro

Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің ортақ бұйрығына сай 1 шілдеден бастап визалық құжатты беру мен шақыртуларды рәсімдеу ережесіндегі өзгертулер өз күшіне енеді.

Шетел азаматтарының ҚР аумағына кіруге арналған шақыртулар беру мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқарды (келуге ойластырылған күнге дейін). Бұрын бұл мерзім 14 күн болатын.

Біле кететін екі жайт - өзге ел азаматтарының қозғалу бағдары мен ӘАНК-сы көрсетілген тұрып жатқан жердің мекенжайы.

Егер шетел азаматында визалық құжат бар босла, онда көші-қон органдарында тіркелу міндетті емес. Тұратын жері мен бағдары шақыртуда көрсетілген болады.

Қазіргі визалық құжатты жарамдылық мерзімін ұлғайту мақсатында берілетін құжаттарды 30 күннен көп емес, бес күннен аз емес уақыт шеңберінде тапсыру керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel