RU
Алматы облысында хиджама емін заңсыз жасаған үш ер адамға айыппұл салынды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында хиджама емін заңсыз жасаған үш ер адамға айыппұл салынды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының үш тұрғыны заңсыз медициналық қызмет көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: idealnaya-ya.ru

Көрнекі фото: idealnaya-ya.ru

Олар қан шығаратын "хиджама" емін жүргізген.

Осы емді қабылдаған облыстың үш тұрғыны денсаулықтарының нашарлап кетуіне байланысты әр түрлі уақытта шағым түсірді. Арнайы жүргізілген тексерістен кейін оларда "хиджама" емін жасауға арналған лайық лицензия болмағаны анықталған.

Іс материалдары қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жолданды.

Заңсыз қызмет көрсеткен үш ер адамға "Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет" бабы бойынша жаза тағайындалды.

Енді олар 5 АЕК (12025 теңге) көлемінде айыппұл төлемек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel