RU
37%-дан 81%-ға дейін: Бірінші шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы өспек
Жаңалықтар Саясат және экономика

37%-дан 81%-ға дейін: Бірінші шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы өспек

Рассказать Вконтакте

Бірінші шілдеден бастап қазақстандықтардың базалық зейнетақысы 67%-ға өсетін болды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова баяндаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: gagauznews.md

Көрнекі фото: gagauznews.md

Министрліктің айтуынша, бірінші қаңтардан бастап зейнетақы 8%-ға өскен, ал базалық зейнетақы 6%-ға жоғарылады.

Алдағы айдың басынан бастап базалық зейнетақының орташа мөлшері 67%-ға өседі.

Министрдің мәліметінше, базалық зейнетақы аударудың жаңа әдісі еңбек өтіліне тікелей байланысты болмақ. Ол 54%-дан бастап 100%-ға дейін тағайындалады деген ой бар.

Зейнет жастағы екі миллион қазақстандық азамат жоғарылатылған зейнетақы алатын болды. Солардың ішіндегі бір миллионы ең жоғары мөлшерлемемен базалық зейнетақыға ие болатын көрінеді.

930 мың ел тұрғындары 37%-дан 81%-ға дейін көтерілген зейнетақы алады.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
1
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel