RU
Семейлік полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Семейлік полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Семейде полиция қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды. Құқық қорғаушы Затон полициялық бөлімшесінде жұмыс істеген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: 24.kz

Коллаж: 24.kz

Белгілі болғандай, ол телефон ұрлығына қатысқан күдіктінің ісін жабу үшін 300 мың теңге талап еткен. Оны 100 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұстаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтық басқарманың айтуынша, Затон полициялық бөлімшесінің басшысы мен бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылатын болады.

Сонымен қатар, 20 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен бірнеше инспекторлар анықталды.

Басқарманың мәліметінше, жемқорлықтың көп фактісі жол полициясында тіркеледі екен.

Қалада былтыр 97 жемқорлыққа қатысты іс қозғалған. Соның отызын құқық қорғаушылары жасаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel