RU
WhatsApp қолданушылары ақшаларынан айырылып қалуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

WhatsApp қолданушылары ақшаларынан айырылып қалуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Сарапшылар WhatsApp мессенджеріндегі жаңа алаяқтық туралы айтты. Қылмыстық схема көмегімен алаяқтар WhatsApp-ты қолданатындардың ақшасын ұрлауы мүмкін екен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

WhatsApp қолданушылары ақшаларынан айырылып қалуы мүмкін

WhatsApp қолданушылары ақшаларынан айырылып қалуы мүмкін

Алаяқтар өз құрбандарын алдап, ақылы сервистерге жаздырады. Қолданушы жазылғаннан кейін, айына 50 долларынан айырылады екен.

Шабуыл былай басталады: қолданушыға телефонда сақталған нөмірлердің бірінен хабарлама келеді. Онда белгілі бір киім немесе аяқ киім брендінің мерейтойына байланысты сыйлық алу мүмкіндігі бар екені айтылады.

Осыдан кейін қолданушыға компания сайтының сілтемесі жберіледі. Шын мәнісінде сайт мекенжайында символдардың бірі өзгертілген, ал ашылған беттің өзі тек көшірме ғана.

Кейін қолданушыға анкетадағы бірнеше сұраққа жауап беру, акция туралы достарыңмен бөлісу және құны бір доллар "жүлде алуға өтініш" рәсімдеу ұсынылады.

Қолданушы банк картасындағы мәліметтерді енгізген сәтте, оның есепшотынан 50 доллар алынып, ол ақылы сервиске жазылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
3
5
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel