RU
Қазақстан жұрты бүгін Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан жұрты бүгін Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды. Шіліңгір шілденің алғашқы жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін тойлайтын болды. 2018 жылы бұл күн 1 шілдемен тұспа-тұс келіп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан жұрты бүгін Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр

Қазақстан жұрты бүгін Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр

2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы Жарлығына қол қойылды.

Осы орайда, Ақорданың Instagram желісіндегі парақшасында мемлекет басшысынығ киелі домбыраның үні туралы айтып отырған видеосы жарияланды.

"Домбыра - қазақтың жаны. Күйлер мен әуезді әнді, домбыра үнін тек дархан далада өсіп-өнген нағыз қазақ қана түсінеді. Өйткені, бұл ерекше дыбыс.

Ол адамның ішкі жан дүниесінің жағдайын көрсете біледі: қайғы ма, қуаныш па немесе философияны.

Маған домбырада өте жақсы ойнай алатын адамдар ұнайды. Біздің қазақтың ұлттық әндері әсерлі және мағынасы бар", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel