RU
Майғазиевке "жабысып" футбол көрген Жанар Дұғалова елдің сынына қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Майғазиевке "жабысып" футбол көрген Жанар Дұғалова елдің сынына қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал әнші, өзіндік ерекше дауысқа ие Жанар Дұғалова желідегі парақшасына видео жүктеймін деп жұрттың сынына ілікті деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық жұлдыз "МузАрт" тобының директоры мен әншілері және Ернар Айдармен бірге кешегі өткен Франция-Аргентина матчының соңғы минуттарын тамашалап отырған сәтінен үзінді жариялаған.

Видеода Жанар Дұғалованың Аргентина құрамасын 4:3 есебімен жеңіп кеткен Францияға жанкүйерлік еткені анық көрінеді.

Дегенмен, желі қолданушылары әншінің өзге "ерсі" қылығын байқап қалып, әбден реніш білдірді.

Олар Сәкен Майғазиевтің иығына сүйеніп, құшақтап тұрған Жанарды сынның астына алған.

"Әйелі бар ер адамға сонша жабысқаны несі?", "Жанар мұндай қылық сізге жараспайды екен", "Футболды сонша беріліп қарау қыздарға тән емес", "Ерлермен жағаласып, ол аздай жабысып тұрып футбол көру ерсі", "Жанарды біреудің күйеуіне қызығады дегенге сенбеймін", - деген сынды пікірлер қарша борады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
60
10
4
3
11
24
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel