RU
Семейлік жігіт әкесін жерлемекші болған ғашығын пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейлік жігіт әкесін жерлемекші болған ғашығын пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Семей қаласының 31 жастағы тұрғыны бірнеше жыл бойы азаматтық некеде тұрған ғашығын пышақтап өлтірді AltayNews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

семейде

Олар бір шаңырақ астында бес жылдай уақыт бірге өмір сүрген. Бірақ көп ұзамай ортада сезім суып, әйел адам басқа жігітпен көңіл жарастырып, екеуінің ара-қатынасы тоқтапты. Арада біраз уақыт өткеннен соң, екі жұп қайтадан араласа бастаған.

Қанды қылмыс орын алған күні ер адам қызға қанша хабарласса да, телефон тұтқасын ешкім көтермеген.

Сүйіктісін қатты қызғанған азамат бір бөтелке арақты туған анасымен бөлісіп ішеді. Кейін ішімдікке сылқия тойып алған ол ас үйдегі пышақты алып, үйіне жетіп барған.

Осылайша ашуға булыққан жігіт әйелді сыртқа шақырып алып, кеуде тұсынан үш рет суық қаруды сұғып алған. Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырды.

Айта кетейік, көз жұмған азаматша осыдан бір күн бұрын ғана бақилық болған әкесінің жерлеу рәсіміне дайындалып жатқан екен.

ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 3 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
8
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel