RU
Арменияның экс-президенті Саргсянның бауырлары да шатылып жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Арменияның экс-президенті Саргсянның бауырлары да шатылып жатыр

Рассказать Вконтакте

Армения үкіметі жанындағы Мемлекеттік кіріс комитеті елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянның бауыры Левон Саргсянның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғады. Ол "декларацияда көрсетілуі тиіс қаржыны жасырған" және "заңсыз байыған" деген күдікке іліккен деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Армения

Тергеушілердің сөзінше, Левон Саргсян мен қызы Ани Саргсян аса ірі көлемдегі мүлікті декларацияда көрсетпеген және заңды кірістерінің көлемінен мүліктің неліктен елеулі түрде артып кеткенін түсіндірмеген.

Арменияның қоғамдық қызмет туралы заңына сәйкес, экс-президенттің туыстары 2017 жылғы есепті мерзімдегі табыстарының декларациясын жоғары лауазымды тұлғалар этикасы жөніндегі комиссияға тапсыруға тиіс болған.

Қылмыстық іс экс-президент Серж Саргсянның тағы бір туысы Нарек Саркисянның үйіне тінту жүргізілгеннен кейін қозғалған. Тінту барысында 6,8 миллион доллардың банк депозиттері туралы келісімдер табылып, тәркіленген.

Айта кетер болсақ, Арменияда бірнеше аптадан бері жемқорлыққа қарсы көлемді кампания жалғасып жатыр. Оның барысында экс-президент Саргсянның серіктері мен туыстарына қарсы істер қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel