RU
Елімізде темекі өнімдерінің бағасы қымбаттап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде темекі өнімдерінің бағасы қымбаттап кетті

Рассказать Вконтакте

Бүгіннен бастап темекі өнімдерінің бағасы тағы 20 теңгеге көтеріледі. Үкіметтің №587 қаулысына сәйкес, фильтрлі, фильтрсіз сигареттер мен папиростарға шекті бағаны орнатып қана қоймай, оны біртіндеп көтеру жоспарланған деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде темекі бағасы қымбаттап кетті

Елімізде темекі бағасы қымбаттап кетті

Аталған құжат бойынша 2018 жылы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 360 теңге болуы шарт.

Бұған дейін 20 дана фильтрлі-фильтрсіз сигареттер мен папиростардың шекті бағасы 340 теңге болған.2019 жылы 1 қаңтардан бастап аталған меже 380 теңгеге дейін көтеріледі.

Айта кетейік, Қазақстанда темекі шегетін азаматтар аз емес. Өткен жылы 1000 дана темекінің акциздері 6,2 мың теңгеге (бір қораптан 125 теңгенің салығы) дейін көтерілген болатын. Биыл тағы 7,5 мың теңгеге дейін өсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
2
4
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel