RU
Сапарбаев: "Ақтөбенің" банкротқа ұшырауына жол бермейміз
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев: "Ақтөбенің" банкротқа ұшырауына жол бермейміз

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев«Ақтөбе» футбол клубының басшылығымен, жаттықтыру штабының және ойыншыларымен бейресми жағдайда кездесті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сапарбаев

Өңір басшысы клубтың банкротқа ұшырауы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарып, футболистерді жергілікті биліктегілердің жиналып қалған қаржылай проблемаларды шешуге бар күштерін салатындарына сендірді.

«Ақтөбеде футбол болған, болады да. Біз сіздерге барынша қолдау көрсетеміз. Әрине, клубтың проблемалық сұрақтары жоқ емес, бірақ біз оларды шешіп жатырмыз. Бастысы ағымдағы еңбекақылар мен сыйақылар бойынша қарыздар жоқ. Банкротқа ұшырады деген қауесетке сенудің қажеті жоқ. Ойнаңыздар және ойындарыңызбен жанкүйерлеріңізді қуантыңыздар», - деп атап өтті Сапарбаев.

Өңір басшысы соңғы матчтардағы ойынның жақсы болғанын атап өтіп, командаға табыстар, соның ішінде қарағандылық «Шахтерға» қарсы матчта жеңіс тіледі.

Қызылды-ақтылар атынан бас жаттықтырушы Владимир Мұханов сөз алып, өңір басшысына команданың тек ертеңгі сайыста ғана жеңіп қоймай, келесі ойындарда да жанкүйерлерін қуанту үшін бар күштерін салатындарына сендірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel