RU
"Өлуге дайынбыз": Испаниямен кездесетін Ресей құрамасы барын салуда (видео)
Жаңалықтар

"Өлуге дайынбыз": Испаниямен кездесетін Ресей құрамасы барын салуда (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей ұлттық құрамасының футболшылары өз жанкүйерлеріне видеоүндеу жолдады. Жазба ұлттық құраманың Тwitter парақшасында жарияланған деп хабарлайды Lenta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Өлуге дайынбыз": Испаниямен кездесетін Ресей құрамасы барын салуда (видео)

"Өлуге дайынбыз": Испаниямен кездесетін Ресей құрамасы барын салуда (видео)
Source: UGC

Роман Зобнин, Юрий Газинский, Денис Черышев және Илья Кутепов ресейліктерге топтық кезеңде көрсеткен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, Зобнин кезекте тұрған қиын матчта барын салатындарын, әрі жерлестерінен тағы да қолдау күтетіндерін айтып өтті.

Черышев болса, "келесі кезеңге өтіп, Испанияны жеңіп, Ресейліктерді қуантамыз" деп уәде берді.

Ресей құрамасының шабуылдаушысы Артем Дзюба 29 маусым күні 1/8 финалда испандықтарды шаң қаптырып кету ғажайыппен тең құбылыс екендігін айтқан болатын.

Ол өз командасымен бірге алаңда жақсы нәтиже үшін "өлуге дайын" екендерін де айтып өтті.

Испания командасымен кездесу 1 шілде күні сағат 17:00 де (Мәскеу уақытымен) өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 15 шілде күні аяқталады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel