RU
Назарбаевтың су жаңа көпірді аралаған сәті астаналықтарды тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаевтың су жаңа көпірді аралаған сәті астаналықтарды тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елордадағы Есіл өзенінің үстіне салынған жаңа көпірді көруге келген сәті астаналықтардың назарын аударды. Президент жаяу жүріп өтіп және голф көлігі арқылы алғашқылардың бірі болып көпірдің "беріктігін тексеріп" көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев

Мемлекет басшысын елордалықтар құрмет-қошеметпен күтіп алды. Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысы Астанаға сыйға тартқан жаңа көпірмен жүріп өтті.

Назарбаев

Назарбаев

Көпірдің ішінде арнайы қызыл веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған бөренелер орнатылып, заманауи еден төселген.

Орта тұсына сәттіліктің нышаны ретінде каспийлік бекіренің қола мүсіні орнатылыпты.

Назарбаев

Толығымен тексерістен өткен су жаңа көпір Астана күнінде ашылуға дайын.

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев алдымен көпірдің үстімен жаяу жүріп, кейін гольф-көлігімен аралауды жөн көрді.

Назарбаев

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев экскурсия жүргізіп, президентке балық үлгісіндегі көпірді аралатты. Мемлекет басшысы өз кезегінде облыстың жасаған тартуына баға берді.

Назарбаев
"Астаналықтар 20 жылдық қарсаңында осыншама бақыт және қуаныш сыйлаған еліміздің әр өңіріне алғыс айтулары керек. Бас қаланы барша ел болып тұрғыздық және бұл күнде бар халық қуанады", - деді Назарбаев.
Назарбаев

Президенттің Есіл өзенінің жағалауына жасаған кішігірім сапары елорда тұрғындарына әдемі әсер сыйлағаны соншалық, олар көпке дейін тарамай, жаңа көпірдің жанында суретке түсіп, мәз болысты.

Назарбаев

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
1
1
0
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel