RU
Әлем чемпионатынан "ұшып" кеткен Аргентина бас бапкерін жұмыстан қумақшы
Жаңалықтар Әлемде

Әлем чемпионатынан "ұшып" кеткен Аргентина бас бапкерін жұмыстан қумақшы

Рассказать Вконтакте

Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Аргентина құрамасы Франциядан жеңіліс тапқаннан кейін аргентиналық бас бапкер Хорхе Сампаоли отставкаға кететін болды деп хабарлайды Lenta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлем чемпионатынан "ұшып" кеткен Аргентина бас бапкерін жұмыстан қумақшы

Әлем чемпионатынан "ұшып" кеткен Аргентина бас бапкерін жұмыстан қумақшы

Айта кетерлігі, Аргентина футбол федерациясының басшылығы Сампаолимен келісімшартты топтық кезеңнің өзінде-ақ бұзбақ болған.

Әлем біріншілігінің алғашқы ойындарында Аргентина құрамасы Исландияны тепе-тең ұпаймен, Нигериялықтарды 2:1 есебімен жеңсе, Хорваттардан 0:3 есебімен жеңілген болатын.

Естеріңізде болса, 30 маусым күні Аргентина 1/8 финалда француздарға жол беріп, турнирден шығып қалған еді.

«Альбиселесте» құрамында ерекше көзге түскендер қатарында Анхель Ди Мария, Габриэль Меркадо , Серхио Агуэроны атап айту керек. Франция құрамасынан қарсылас команда қақпасына доп соққан Антуан Гризманн, Бенжамен Павар және Килиан Мбаппе болды.

Топтық кезеңде Аргентина құрамасының біршама ойыншылары Сампаолидің жұмысына қанағаттанбайтынын айтып кеткен.

Сонымен қатар, желіде Нигериямен өтетін мачтың алдында құрамды Лионель Месси мен Хавьер Маскерано жасақтады деген хабар тараған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel