RU
Отандық танымал әншіге жұбайы екінші рет ұл сыйлады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық танымал әншіге жұбайы екінші рет ұл сыйлады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал әнші, "I am a singer" байқауының финалисі, актер әрі пародист Ерден Жақсыбектің шаңырағында атұстар дүниеге келді. Бүгінде екі ұлдың ата-анасы атанған жас жанұяның қуанышы туралы NUR.KZ хабарлайды.

Жағымды жаңалығымен әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Сүйінші! 1-ші шілде. Бүгін мен үшін ерекше күн. Сапарға аттанғанда Арафат есімді ұлым дүниеге келді. Мені екінші рет әке атандырғаның үшін раxмет, жаным.
Көп балалы ата-ана болуды әрқайсымызға жазсын Алла! Айтпақшы есімін нағашы әжесі қойды", - деп жазады сүйінші сұраған Ерден Жақсыбек.

Жарасымды жұптың қуанышына ортақтасқан тыңдарман мен жақын жандары құттықтау тілекті қарша боратты.

Олар нәрестеге бақытты балалық шақ пен зор денсаулық тіледі.

Сіздің реакцияңыз
3
5
1
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel