RU
Ең ұзақ матч: Ресей өз жерінде азулы Испанияны жеңіп кетті
Жаңалықтар

Ең ұзақ матч: Ресей өз жерінде азулы Испанияны жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Футболдан Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде алаң қожайындары атағы жер жарған Испания құрамасын жарыстан "ұшырып" жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ең ұзақ матч: Ресей өз жерінде азулы Испанияны жеңіп кетті

Ең ұзақ матч: Ресей өз жерінде азулы Испанияны жеңіп кетті

Дүбірлі доданы өз елдерінде өткізіп жатқан Ресей құрамасы таңғалдырарлық нәтижемен чемпионаттың 1/4 финалдық кезеңіне жолдама алды.

Ойынның негізгі уақытында қос құрама 1:1 есебімен тең түсті. Алайда, испаниялықтарға қуаныш сыйлаған голды ресейлік Cергей Игнашевич өз қақпасына соғып алды.

Автоголмен есеп ашылған ойынның 41 минутында Артем Дзюба пенальти теуіп, есеп теңестірді.

Екінші таймда еш өзгеріссіз ойнаған командалар қосымша уақытта да бір-бірлеріне есе жібермеді.

Дегенмен, күллі әлем көз тіккен чемпионаттың ширек финалына берілетін жолдаманың тағдыры пенальтиде шешілді.

Бұл кезеңде 4:3 ұпай басымдылығымен Ресей құрамасы жеңіске жетіп, Испанияның тағы бір мәрте чемпион болуға деген ұмтылыстарын күл-талқан етті.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel