RU
Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның өлі денесін тапты
Жаңалықтар Әлемде

Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның өлі денесін тапты

Рассказать Вконтакте

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында жексенбі күні пәтерден 11 адамның мәйіті табылды. БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандардың бәрі – бір отбасының мүшелері. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

Полициядағы дереккөздің мәліметінше, үй дүкені мен сүт цехы бар бизнесменге тиесілі болған.

Жергілікті уақытпен сағат 8.00-де кәсіпкердің көршісі есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, отбасы мүшелерінің, соның ішінде бизнесменнің денесін көреді. Ол бірден полицияға хабар берген.

"Көршінің айтуынша, әдетте бұл пәтердің есігі жабық тұрады. Бірақ жексенбі күні ашық болған. Біз мұның суицид пе, жоқ әлде кісі қолынан қаза тапты ма, анықтайтын боламыз", — деді полициядағы дереккөз.

Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында – төрт ер адам, үш әйел және төрт қыз бар.

Марқұмдардың үйінен ешқандай хат табылмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
5
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel