RU
"-98,6 градус": Ғалымдар жер бетіндегі ең суық температураны тіркеді
Жаңалықтар Әлемде

"-98,6 градус": Ғалымдар жер бетіндегі ең суық температураны тіркеді

Рассказать Вконтакте

Зерттеушілер жер бетіндегі ең суық температураны тіркеді. Антарктидада температура Цельсия бойынша минус 98,6 градусты көрсеткен деп хабарлайды Азатыққа сілтем жасаған NUR.KZ.

Фото: lia /fotodeandre

Фото: lia /fotodeandre

АҚШ-тың Колорадо штатындағы университеттің Тед Скамбос жетекшілік ететін зерттеу тобы Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлықтың мұз қабатына спутниктік талдау жасау барысында ең төменгі температураны байқаған.

Зерттеушілер өздері жүргізген өлшемдер туралы "Жер мен ғарыш туралы перспективалы ғылымдар" журналында жариялаған.

Мақала маусымның 25-і күні журналда жарияланғанға дейін Жер бетінде тіркелген ең суық температура – 1983 жылғы шілденің 23-і күні Антарктидадағы ресейлік "Восток" зерттеу станциясында минус 89,2 градус болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel