RU
Әлемде ең жылдам жойылып бара жатқан ұлт анықталды
Жаңалықтар Әлемде

Әлемде ең жылдам жойылып бара жатқан ұлт анықталды

Рассказать Вконтакте

Кеше Болгария халқының саны жеті миллионға ғана жуықтаған. Бұл ақпарат БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік сұрақтар бойынша департаментінің есептегішінде тіркелді деп хабарлайды bgnews-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: BeStar Travel

Сурет: BeStar Travel

"Бұл - ауыр жаңалық. Болгария клиникалық демографиялық өлімге ұшырады. Ол өліп барады. Біз - әлемде ең жылдам жойылып бара жатқан елміз", - деді академик Петр Иванов.

Кешегі статистика бойынша Болгарияда 120 адам туылып, 193 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, халық санағының қорытындысына сәйкес, Екінші дүниежүзлік соғыстан кейін, яғни 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам болған. Ал, 1985 жылы 8 948 649 тұрғын болыпты. Демек, Болгарияның қазіргі жағдайы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да нашар болып тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
6
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel