RU
Әйгілі Мейвезер 18 млн долларға сатып алған қымбат сағатымен мақтанды (фото)
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі Мейвезер 18 млн долларға сатып алған қымбат сағатымен мақтанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Флойд Мейвезер (кішісі) - бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленген америкалық боксшы. Ол әлемде ең қымбат тұратын сағатты сатып алды деп хабарлайды vringe.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: The Source

Фото: The Source

Әлемдегі ең ауқатты спортшы құнды дүниелерге қатты қызыққандықтан көңілі қалайтын нәрседен қаржысын ешқашан аяған емес. Бұл жолы боксшы дүние жүзіндегі ең қымбат сағатты сатып алған.

"Бұл - менің жаңа сағатым. Миллиардерлердің сағаты деп аталады. Бұл жайлы білгіңіз келсе, Google Billionaire Watch-тан іздеңіз. Құны - 18 миллион доллар", - деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.
Фото: RabStol

Фото: RabStol

Айта кетейік, Флойд Мейвезер өткен жылдың тамыз айында ММА жұлдызы Конор МакГрегормен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Бұл ең көп қаржы түскен бокс кеші болғандықтан америкалық спортшы 400 миллион доллар көлемінде табысқа кенеліпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel