RU
Қыдырәлі Болманов: Мұсылманның қызы мұсылманға тұрмысқа шығуы керек
Жаңалықтар Қоғам

Қыдырәлі Болманов: Мұсылманның қызы мұсылманға тұрмысқа шығуы керек

Рассказать Вконтакте

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болман қазақ қыздарының Қытай азаматтарына тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: juldizdar.kz

Фото: juldizdar.kz

"Жалпы әйел бұзылса, онда мемлекет, ұлт бұзылады дейді. Сондықтан мен қаракөз қарындастарымның, біріншіден иманы жоқ, екіншіден таза емес халыққа күйеуге тигенін еш қаламас едім. Жиендерімнің ол жақтан болғанын еш қаламас едім. Өйткені менің оған тәрбием де жібермейді. Біз мұсылман елміз, мұсылманның қызы мұсылманға тұрмысқа шығуы керек. Ата-бабаларымыз елімізді, жерімізді сүйіп, оны қорғап қалды. Ата-бабаның аманатын орындап өсуіміз керек. Сондықтан тисе, тие берсін дейтіндерге менің ешқандай сөзім жоқ", — дейді продюсер.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Қытай азаматы мен қазақ қызының құдаласу рәсімінен видео тарап, елді дүрліктірген еді.

Бұл видеодан кейін біраз азаматтар, әсіресе өнер адамдары өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын қатаң сынға алған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel