RU
Тойдағы суреттерін көріп намыстанған семіз келіншек 82 келіге арықтап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Тойдағы суреттерін көріп намыстанған семіз келіншек 82 келіге арықтап кетті

Рассказать Вконтакте

Дебби Дайсон-Фасси 165 келі салмақта болған. Тұрмыс құрғаннан кейін үйлену тойындағы суреттерін көрген ол арықтап, тойын қайта өткізуге бел буады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: SWNS

Сурет: SWNS

Келіншек өзіне той көйлек таңдауға барғанда қатты қиналған.

"Бәрі секілді мен де көйлек кигім келді. Бірақ әрбір салонға барған сайын мен ол жерде бір минут та тұрмайтынмын. Кірген бойда сатушылар менің өлшемімдегі көйлек жоқ екенін бірдлен айтатын. Бәрі сонша жаман екенін сезіп, бірден атып шығып, жылайтынмын", - деді Дебби Дайсон-Фасси.

Амалсыздан көйлекті тіктіруге тура келді. Бірақ той рәсімі кезінде ол өзін бақытсыз сезініпті. Ол күн Дебби үшін ең бақытсыз болып саналған. Тойдағы түскен суреттерін көріп, өз дене бітімі үшін намыстанған Дебби арықтап, тойды қайта өткізуге бел байлайды.

Сурет: SWNS

Сурет: SWNS

36 жастағы келіншек арықтауға көмектесетін ұйымның көмегіне жүігінген. Ол арнайы құрылған бағдарламаның арқасында 83 келі тастап, кез келген көйлекті киюге мүмкіндік алды.

Сурет: SWNS

Сурет: SWNS

Дебби енді қайтадан әдемі ақ көйлек киіп, үйлену рәсімін өткізбекші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel