Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсын Алагөзов ұлын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады (фото)

Опубликовано:

Тұрсын Алагөзов бірінші әйелінен туған ұлы Арсенді туған күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Тұрсын Алагөзов. Фото-коллаж: NUR.KZ
Тұрсын Алагөзов. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Алайда бұл жазбаны ұнатпаған желі қолданушылары Алагөзовті сынның астына алды.

"Ұлым, сені туған күніңмен құттықтаймын. Біздің арақатынасымыздың қиын екенін білемін. Солай бола тұра, сен менің ұлымсың. Саған зор денсаулық пен сәттіліктер тілеймін. Мен сендерді жақсы көргенмін. Ол сезімім ешқашан өзгермек емес. Қазір сен мені түсінбегеніңмен, уақыт өте барлығын сарапқа салатын боласың. Өзіңді сақта және бақытты бол", - деді Алагөзов Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары болса, "Ол нені түсінуі керек?", "Жарты жолда тастап кеткен әкені қалай кешіруге болады", "Өзіңіз сезімнің жетегінде кетіп, енді ұлыңыздың түсінгенін қалайсыз ба?" деп ашуға ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740054-trsyn-alagzov-lyn-tugan-knimen-kttyktap-zrekzardy-lebizin-arnady-foto/

pixel