Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қыздарды басып озатын желідегі ең танымал әжелерді білесіз бе?

Опубликовано:

Олар - Instagram-ның ең танымал әрі сәнқой әжелері. Өздерінің жеке парақшаларында жарты миллионнан астам оқырмандары бар. Бұл зейнеткерлер әлемдегі ең белгілі модель агенттіктеріне арналған фототүсірілімдерге де қатысып жүр. NUR.KZ порталы life.ru-ға сілтеме жасай отырып әжелердің түрлі суреттерін назарларыңызға ұсынады.

"Иә, мен 20 жаста емеспін. Ондай жаста да болғым келмейді. Бірақ мен мықтымын. Әр суретімді жүктеген сайын мен осы жайында ойлаймын", - дейді 64 жастағы Лин Слэйтер.

"Өз-өзіңе сенімді болу үшін мінсіз болудың еш қажеті жоқ. Ішкі сезіміңді танытып жатқанда саған жасырынып қалу жайлы ойлаудың қажеті шамалы", - дейді 83 жастағы Дорри Джейкобсон.

"Біз көгілдір шашы бар, өзінің соңғы өмірін қарттар үйінде өткізетін кішкентай кейуаналарға айналғымыз келмейді", - дейді 71 жастағы Дженни Ки.

""Ұзақ өмір сүріңіз. Сіз секілді қартайғым келеді", - деп маған жиі жазады", - дейді 94 жастағы Эмико Мори.

"Біз тыныштыққа кетуді жоспарлап отырған жоқпыз", - дейді 63 жастағы Сара-Джейн Адамс.

"Мен әлеуметтік желіні өзімнің өмірім жайлы ашық айтатын алаң ретінде қолданамын", - дейді 60 жастағы Йен Коррел.

"Бұл тек басы ғана", - дейді 69 жастағы Мэй Маск.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1740059-zas-kyzdardy-basyp-ozatyn-zelidegi-e-tanymal-zelerdi-bilesiz-be/

pixel